Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сауль Альварес Головкинге WBS белдігін ресми түрде босатып берді

WBA (Super), IBO, IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин WBS белдігінің де ресми түрде иегері атанды. Бұл белдікке таласу үшін, мексикалық Сауль (Канело) Альварес пен Геннадий Головкин қолғап түйістіруі керек болған.

yt

Бұл туралы WBS тұжырымының президенті Маурисио Сүлейман Твиттердегі парақшасында ресми түрде мәлімдеді.

Сондай-ақ, WBC тұжырымының ресми сайтында да “Бүкіл әлемдік бокс кеңесі Golden Boy Promotions компаниясының Сауль (Канело) Альварестің орта салмақта WBC белдігін шешіп беретіндігі туралы ресми шешімін алды. Геннадий Головкин әлем бойынша орта салмақта WBC белдігінің ресми иегері атанды. WBC Альвареске үлкен табыстар мен үздік жеңістер тілейді. Болашақта оның Головкинге қарсы кездесуін асыға күтеді” – деп жазылған .

вы

Қазақстандық боксшы қазіргі таңда WBA (Бүкіләлемдік бокс ассоциоциясы), IBO (Халықаралық бокс ұйымы) және IBF (Халықаралық бокс федерациясы) тұжырымдары бойынша титулдардың иегер. Енді мексикалықтың жекпе-жекке шықпайтындығы туралы хабарламадан соң, Головкин WBC (Бүкіләлемдік бокс кеңесі) белдігіне иелік етіп отыр.

Орта салмақтағы тағы бір чемпиондық атақ WBO (Бүкіләлемдік бокс ұйымы) тұжырымындағы британиялық Билли Джо Сондерстің еншісінде. Бұл боксшы да ешбір кездесуінде жеңіліп көрмеген.

Оқи отырыңыздар

Головкин Альвареске: Кездесуден қашуыңды тоқтат

Головкин – Канело жекпе-жегі Сан-Антониода өтуі мүмкін

Геннадий Головкин: Канело, мен дайынмын

Сауль Альварес Геннадий Головкинді жекпе-жекке шақырды

Оскар Де Ла Хойя: “Сегізінші мамырда мен Головкинге қоңырау шаламын”

Талқылау