Головкин Альвареске: Кездесуден қашуыңды тоқтат
Әлем чемпионы Геннадий Головкин WBC белбеуінің иесі, мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альваресті кездесуден қашқақтамай, жекпе-жек жөнінде бетпе-бет келіссөз жүргізуге шақырды.

Бұл туралы Bnews.kz хабарлайды.
«Орынбасарлармен немесе өкілдермен ешқандай да келіссөз жүргізілмейді. Тек сен және мен. Қашуды доғар», – деп жазыпты Головкин өзінің твиттердегі жеке парақшасында.
Бұған дейін Головкин мен Альварес тобы келіссөздер жүргізе бастағанын жазған болатынбыз. Екі тараптың 24 мамырға дейін бір тоқтамға келуге уақыты бар. Одан кейін промоутерлік келіссөздер басталады. Алайда, америкалық журналист және инсайдер Крис Манникс тараптардың әлі күнге дейін бет-бет кездеспегендерін айтып отыр.
Жіберіп алмаңыз:
Головкин – Канело жекпе-жегі Сан-Антониода өтуі мүмкін
Шейн Мозли Головкин-“Канело” кездесуінің 17 қыркүйекте болатынын хабарлады
"Балалар еденге жатып, суға түспеген": "Өзенмұнайгаз" қызметкерлерінің балалары барған лагерь талапқа сай болмай шығып, 315 мың теңге айыппұл арқалады
Кей ата-аналар лагерь таңдауда ашықтықтың жоқтығына наразы болған
Неге Қазақстанда ипотека дамыған елдерге қарағанда 5–10 есе қымбат
Ипотека мөлшерлемесі елдің экономикалық жағдайына тәуелді дейді мамандар