Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шейн Мозли Головкин-“Канело” кездесуінің 17 қыркүйекте болатынын хабарлады

Бірнеше салмақ дәрежесі бойынша әлемнің экс-чемпионв Шейн Мозли қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикандық Сауль “Канело” Альварес арасындағы жекпе-жектің 17 қыркүйекте өтетінін хабарлады.

photo_76544

Сурет vesti.kz

Атағы асқан боксшы бұл туралы өзінің Твиттердегі парақшасында жазған. Бірақ, ақпараттың нақты қайдан келгенін атап көрсетпеген екен. Әйтсе де Шейн Мозли бұл ақпаратқа еш күмәнданбайтын секілді.

“Канело” және GGG – 17 қыркүйекте! Бұл кездесуге тең келетін қыркүйекте бокс кеші болмайтын шығар. Мұны нағыз жыл боксы деп атауға да болады. Golden Boy Promotions-тың тамаша жұмысы”, – деп жазды Мозли.

“Канело” мен GGG-дың келіскенінен әлі хабардар болмадыңыз ба? Келіссөздер аяқталды. Сіз менің жазбамнан мұны біліп отырсыз. Менің кездесуім – 28 мамырда. Ал “Канело” мен Головкин 17 қыркүйекте”, – деп атап өтті американдық боксшы.

Еске сала кетсек, Сауль Альварес британиялық Әмір Ханды жеңіп орта салмақтағы әлем чемпионы деген атағын қорғап қала алған. Енді ол WBC ережесіне сәйкес Головкинмен кездесуге міндетті. WBC тұжырымының президенті Маурисио Сулейман қос боксшының өзара келісуі үшін 15 күн уақыт бергенін айтқан еді. Егер, қос боксшының тараптары ортақ келісімге келе алмаса онда кездесу 24 мамырда промоутерлік саудаға қойылады. Мұндай жағдайда “Канело” мен Головкин тағы бір-бір жекпе-жек өткізулері мүмкін.

Талқылау