Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оскар Де Ла Хойя: “Сегізінші мамырда мен Головкинге қоңырау шаламын”

Сауль «Канело» Альварестің промоутері Оскар Де Ла Хойя тілшілерге Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізу мәселесі жайлы айтты.

photo_76146

Сурет boxing.ru

Бұл туралы vesti.kz хабарлайды.

«Сегізінші мамырда келіңіздер, Канело-Хан жекпе-жегінен кейін сіздер Головкинмен жекпе-жек өткізу мүмкіндігін талқылау үшін оның өкілдеріне өзім телефон шалатынымды көресіздер», – деді Де Ла Хойя.

Еске сала кетсек, 7 мамыр күні британиялық Әмір Хан мен Сауль Альварес жекпе-жек өткізеді. WBS ережесіне сәйкес қай жеңгені Головкинмен кездесуі тиіс.

Талқылау