Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Геннадий Головкин: Канело, мен дайынмын

WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы жерлесіміз Геннадий Головкин мексикалық Сауль «Канело» Альваресктің Мексикада жекпе-жек өткізуге қатысты ұсынысына жауап берді, деп хабарлайды Bnews.kz.

головкинннн
Айта кетейік, бүгін АҚШ-та өткен бокс кешінің негізгі жекпе-жегінде Альварес британдық боксшы Әмір Ханмен кездесіп, 6-раундта өз қарсыласын нокаутпен жеңді. Осылайша, мексикалық Сауль «Канело» Альварес WBC атағын қорғап алды. Ал бұл белбеудің негізгі әрі міндетті үміткері – Геннадий Головкин.

Жекпе-жектен кейінгі сұхбатта «Канело»: «Мен Головкинді Мексикаға шақырамын. Сол жақта рингте кездесейік. Мен ешкімнен қорықпаймын. Мексикада кездесіп жұдырықтасайық», – деп мәлімдеді.

Головкин мексикалық боксшының сөзіне өзінің Твиттер парақшасында жауап берді.

«Бүгінгі кештің барлық боксшыларына құрметпен қараймын, мен дайынмын, Канело», – деп жазды GGG.
Головкиннің «барлық боксшылары» дегені, «Альварес – Хан» жекпе-жектің андеркартында Генаның бұрынғы қарсыластары Кертис Стивенс пен Давид Лемье өнер көрсеткен болатын. Екеуі де өз қарсыласын нокаутпен жеңді

Талқылау