Сауль Альварес Геннадий Головкинді жекпе-жекке шақырды

Жексенбі, 8 Мамыр , 2016 12:52

Бүгін Лас-Вегасте британдық Амир Хан мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес арасында жекпе-жек өтіп, орта салмақтағы WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы 25 жастағы «Канело» қарсыласын алтыншы раундта нокаутқа түсірді, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.

головкин

Кездесуден кейін мексикалық WBA, IBF, IBO тұжырымдарының чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинді жекпе-жекке шақырды.

Лас-Вегастегі (АҚШ) бокс кешінің басты жекпе-жегі WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы 25 жастағы мексикалық Сауль «Канело» Альварес пен бірінші орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы 29 жастағы британдық Амир Хан арасында өтті. Алғашқы раундтар тең жағдайда өтті, қос боксшы да жақсы дайындықпен келгені байқалып тұрды. Алайда алтыншы раундта Сауль «Конело» Альварес қарсыласын ауыр нокаутқа түсірді.

Жекпе-жек аяқтала салысымен Альварес қазақстандық боксшыны жекпе-жекке шақырды.
«Мен Головкинді шаршы алаңға шақырамын, жекпе-жекті Мексикада өткізейік! Біз ешкімнен қашып жүрген жоқпыз, қане қолғап түйістіріп көрейік! Мексика жасасын!», – деді Конело.

Айта кетейік, қазақстандық боксшы жекпе-жектен соң бапкері Абель Санчеспен бірге рингке көтерілді.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар