Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Диабеттің алдын алады: Сарымсақтың тағы қандай пайдасы бар

Ұлыбританияда Ноттингем университетінің ғалымдары сарымсақтың ешкім күтпеген пайдасын анықтады. Аталған көкөністі үнемі жеу арқылы екінші типті диабет пен жүрек-қан тамырлары ауруларының даму қатерін төмендетуге болады.

Сарымсақтың ешкім күтпеген пайдасы анықталды

Бұл туралы Trends in Pharmacological Sciences журналына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Ғалымдардың пікірінше, сарымсақтың құрамында кездесетін күкірт қосындылар адамның жасушалары мен тіндерінде физиологиялық және биохимиялық процесс тудыратын газ тәрізді заттарға әсер етеді. Яғни олар газ тәрізді заттардағы сигналдық молекулалар санын өзертіп, реттейді екен.

Сондай-ақ, ғалымдар сарымсақтың адам денсаулығына әсері оны дайындау тәсіліне байланысты өзгеретінін айтты. Алайда дәл қандай тәсілдердің нәтижелі екені әзірге анықталмады.


Сарымсақтың қандай пайдасы бар?

Талқылау