“Сапарбаев мырза, сізге бір апта уақыт берем”: Ақтөбелік әйел облыс әкімінің алдында шу шығарды

Мектепке мұғалім болып кірудің құны – 200 мың теңге! Ал халыққа қызмет көрсету орталығындағылар электронды сандық қолтаңбаны 1000 теңдеген саудалап, пайда көріп отыр! Ақтөбе облысы әкімінің есебінде осылай деп шу шығарған қала тұрғыны Бердібек Сапарбаевтан тез арада мәселені шешіп, өзін екі аптаның ішінде жұмысқа орналастыруды талап етті. Бұл қаншалықты рас? Қауесет пе, әлде расымен ақтөбелік мектеп директорлары жұрттан ақша сұрап, дәніккен бе?

"Сапарбаев мырза, сізге бір апта уақыт берем": Ақтөбелік әйел облыс әкімінің алдында шу шығарды

Сурет: ortcom.kz

Бұл туралы “Еуразия бірінші арнасы” хабарлайды.

«Мектептерге барамын, 200 мың теңге көлемінде пара талап етеді. Қаншама куәгерлер. Сапарбаев мырза, сізге бір апта уақыт беремін. №60 мектеп, Абзал Тәжімішевті, орнынан алуыңызды талап етем!» – дейді тұрғын Ләззат Бадауова.

Ашынған келіншек әкім-қаралардың алдында тосылмады. Бар жағдайды осылай жайып салды. Жалғызбасты ана екендігін, жұмысының жоқтығынан несиеге алған пәтерінің ақысын төлей алмай отырмағанын жеткізді. Облыс әкіміне талап қоюдан басқа амалы жоқтығын айтты. Орта жолда сөзін бөліп, қолындағы микрофонын алып, сабырға шақырмақшы болғандарға құлақ аспады. Себебі, шағымы мұнымен бітпеді. Халыққа қызмет көрсету орталығының Алматы ауданындағы бөлімшесінде басшысы электронды сандық қолтаңбаны 1000 теңгеден сатады, ксерокөшірмеден пайда тауып отырғанын да осы келіншек айтты. Ләззат Бадауованың әр сөзінен кейін есепке жиналғандар ду қол шапалақ соғумен болды.

«Сіздерден сұрайтыным, қарындас, сіз енді кішкене сұрақ қойдыңыз ғой, сұрақ қойғаннан кейін тыңдау керек! Айқайламаңыз, үйіңізге барып айқайлаңыз!» – дейді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Өзін “пара алды” деп айыптаған директоры Абзал Тәжімішов бастауыш сынып мұғалімі Ләззат Бадауовамен қызметтес болғанын растады. №60 мектепте небәрі 9 күн жұмыс істепті. Ол кезекшілікке шықпаймын деп, мектеп директорының орынбасарымен сөзге келді, деп отыр.

«Ол кісінің айтып отырған сөзінің бәрі- жалған. Мен полиграф, шындық детекторынан өтуге дайынмын. Өзіме сенімдімін. Сол сөзді тағы қайталап айтам. Ол кісі осы жерде жұмыс істеп кетті. Неге кетті? Ол кісі кешірім сұрап жылады. «Мен өзіме қол жұмсаймын, сізге көрсетемін» деп жазды маған. Скриндері бар, сіздерге көрсеттім. Осының бәрі сондай жағдаймен аяқталып, ақыр соңында ол кісі жұмыстан арызын жазып, өзі кетті», – дейді Абзал Тәжімішев.

Мектеп директоры енді өзінің судан таза, сүттен ақ екенін сотта дәлелдеймін деп дайындалып отыр. Елдің алдында парақор атану маған да оңай емес дейді. Халыққа қызмет көрсету орталығының бөлімше басшысының да осы күндері мазасы қашқан. Келіншектің айтқаны жалған екенін ол да айтып отыр.

«Менің атымды ақша жасап отыр деп айтқан, электронды сандық қолтаңбаны 1000 теңгеден сатып отыр деп шықты, ол жалған ақпарат. Өздеріңіз көріп отырғандай, ЭСҚ мемлекеттік стандарттар бойынша тегін таратылады. Ксерокөшірменің маған қатысы жоқ. Жеке кәсіпкермен әкімдік келіседі. Мына жерде асхана, банк отыр. Оның бәрі әкімшілікпен келісімге отырады», – дейді Халыққа қызмет көрсету орталығы №3 бөлімшесінің басшысы Еркінбай Жүсіпұлы.

Қала әкімінің есебінде өзін толғандырған мәселені айтып, шенділерді бір сілкіп алған келіншектің жағдайы бойынша жан-жақты тексеріс жүріп жатыр екен. Бір қызығы осы оқиғадан дейін Алматы ауданы халыққа қызмет көрсету орталығындағы ксерокөшірме аппаратты ұшты-күйлі жоқ қылып жіберген. Ал облыстық білім басқармасының басшысы жұмыссыз жүрген келіншекті қала мектептерінің біріне орналастыру мәселесін қарастырып жатқанын жеткізді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
18.02.19
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар