Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сәкен Майғазиев бауырларын халыққа таныстырды (фото)

Танымал әнші Сәкен Майғазиев Созақ ауданынан, өзінің туған қара шаңырағынан сәлем жолдауын жалғастыруда.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Бұған дейін анасының асты-үстіне түсіп, қайта-қайта суретін жариялаған әнші бүгін туған бауырларын көрсетті.

Суреттің астына: «Туғандарыммен. Нұрлан ағам (1964), Айткүл әпкем, (1958) Айнұр жеңгем (1976), Ерлан ағам (1966), Ерлан мен Айнұрдың дәнекері, ақылдысы, әжесінің қызы Диана. Төрт құбылаларыңыз түгел, ағайындарыңыз аман болғай, достар», – деп жазды әнші.

Желі қолданушылары Сәкеннің жазбаларын оқып, суреттерін тамашалағаннан жалықпайтынын жазған. «Қандай керемет! Бауырларыңыз, анаңыз аман болсын! Бауыры бардың бауыры бүтін деген. Сәкенді тек әнші емес, халқына адал перзент деп қабылдаймын, – деп жазған желі қолданушысы Шынар. Сол сияқты Айжан есімді оқырман: «Қарапайымдылықты көрсетуге жалықпайтын шынайлығыңыздан айналдым, Сакен аға!» – деп тамсанды.

Сонымен қатар, Майғазиев әжесін сағынғандығын айтты. Әжесінің тігін машинасын жариялаған ол: “Әжемнің әжімді қолдарының табы қалған тігін машинасы”, – деп жазды.

Желі қолданушылары: “Менің әжем де, анам да әлі күнге дейін осындай машинамен тігеді”, “көненің көзі көзге оттай ыстық басылады”, “қандай асыл дүние”,  – деп тамсанған.

Бүған дейін Сәкеннің инстаграмды қалдырмай оқитын 79 жастағы анасы туралы жазған едік. Әнші бұл жылы өзге әріптестерінен ерекшеленіп, жазғы демалысын ауылда өткізіп жатыр. Ал «МузАРТ» тобының өзге әншілері шетелде жүр. Мейрамбек Беспаев отбасымен бірге Еуропада, ал топтың кенжесі Кенжебек Жанәбілов Анталияда демалып жатыр.

Жіберіп алмаңыз: 

Желідегілер қайырымдылық жасағаны туралы айтқан Сәкенді сынап тастады

Қызы 3 жасқа толған Сәкенге тыңдармандары ақ тілектерін жаудырды

Сәкен пәтерден-пәтерге көшіп, суық жатақханаларда түнеген күндері туралы айтты

Аулада қызын ойнатып жүрген Сәкен Майғазиев жұртты сүйсіндірді (видео)

 

Талқылау