Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызы 3 жасқа толған Сәкенге тыңдармандары ақ тілектерін жаудырды

Желі қолданушылары Сәкен Майғазиевтің қызын 3 жасқа толуымен құттықтап, ақ тілектерін жаудырды.

13741166_1746640948943345_768929886_n

Фото: instagram.com/saken_maigaziyev/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Сәкен Майғазиевтің қайырымдылық шараларына жиі ат салысатынын байқауға болады. Мұнымен қатар, ол үнемі өзін қамқор әке етіп көрсетуге тырысады. Жуырда қызымен серуендеп жүрген видеосын бөлісіп, жұртты тамсандырған болатын. Бұл жолы ол қызының 3 жас туған күнін атап өткенін айтты.

“Мейірімі шексіз Алла тағаланың қалауымен әжесінің тәттісі, әкесінің бақ құсы бүгін 3 жасқа толды. Алла – ұлы! Иманды, саналы, білімді ұрпақтарымыздың жақсылығын ғана көруді Раббым баршамызға нәсіп еткей. Бізге тілеген дұға-тілектеріңді Раббым сіздерге еселеп бергей. Алла тағала балапандарымызды тіл-көзден сақтасын. Баршаңызды құшақтадым”, – дейді Сәкен Майғазиев.

image

Әншінің қуанышын бөлісуге тыңдармандары да асықты. “Ағатай, қарындасымның шыр етіп дүние есігін ашқан күні құтты болсын! Әжесінің көз қуанышы, ата-анасының қолғанаты болып өсе берсін”, “Балапанның өмір жасы ұзақ болсын”, “Құтты болсын! Тіл-көзден аман болып, ғұмырлы болсын!”, “Қызыңыз неткен сүйкімді”, “Алла бере салған балапан, туған күнің құтты болсын! Раяна дүниедегі ең бақытты қыз бол!”, “Әкесі мен қызы. Сіздерді сондай қатты жақсы көремін” дейді желі қолданушылары.


Жіберіп алмаңыз:

Сәкен пәтерден-пәтерге көшіп, суық жатақханаларда түнеген күндері туралы айтты

Аулада қызын ойнатып жүрген Сәкен Майғазиев жұртты сүйсіндірді (видео)

Сәкен Майғазиев: Ешкім жетісіп жүрген жоқ

Сәкен Майғазиев өзіне қауіпті вирус жұқтырып алды (фото)

Талқылау