Сәкеннің инстаграмды қалдырмай оқитын 79 жастағы анасы жұртты сүйсіндірді (видео)

Бейсенбі, 25 Тамыз , 2016 8:34

Сәкен Майғазиев анасының инстаграм желісі туралы айтып отырған видеосын бөлісті. Аталған видеоны көрген жұрт әншінің анасының қылығына сүйсінді. 79 жастағы Амангүл әжейді заманауи қарттар қатарына қосты.

image

Фото: instagram.com/saken_maigaziyev/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Күні кеше Сәкен Майғазиевтің өзге әріптестерінен ерекшеленіп ауылда демалып жатқанын айтқан болатынбыз. Ол немерелерін әжесіне көрсетіп, отбасына қолғабыс етуге барған екен. Ауылда жүрген әнші аллергиясына қарамастан жүгері жинап, инстаграм арқылы соңғы жаңалықтарын бөлісті.

Бәрінен бұрын жұрт әншінің анасына қайран қалды. 79 жастағы Амангүл әжей инстаграм желісі туралы барлығын білетін болып шықты. Мұны видеодан байқауға болады. Аталған видеода әжей өзі туралы баласының жазғандарын оқығанын айтады. Мұнымен қатар, дастархан басындағы өзге құрдастарын аталған желінің қыр-сырын баяндап қайран қалдырады.

Анасының бұл қылығына әншінің өзі де таң. “Әлтөре әкеміз бен Амангүл анамызға амандасуға келгенбіз. Инстаграмды ойлап тапқан адам ОҚО-ның Созақ ауылындағы 79 жастағы Ұлтай Мырзамбекқызының инстаграмды әңгіме қылып отыратынын білмеді-ау, ә?” – дейді Сәкен Майғазиев.

“Анаңыз 100 жасасын. Жолын бізге берсін. Немере, шөбере, шөпшек, немененің алақанында май жеп жүре берсін. Шын жүректен тілектеспін. Менің өз анам дүниеден ерте озған соң, анасы барларға қызыға қараймын”, “Жанұяңызға шын жүректен ауызбіршілік, құт-береке тілеймін”, “Енді Амангүл апамыз инстаграм желісіне тіркеледі. Әжелеріміз аман болсын, көрер қызықтары мол болсын!” дейді желі қолданушылары.


Жіберіп алмаңыз:

Сәкен пәтерден-пәтерге көшіп, суық жатақханаларда түнеген күндері туралы айтты

Аулада қызын ойнатып жүрген Сәкен Майғазиев жұртты сүйсіндірді (видео)

Сәкен Майғазиев: Ешкім жетісіп жүрген жоқ

Сәкен Майғазиев өзіне қауіпті вирус жұқтырып алды (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар