Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желідегілер қайырымдылық жасағаны туралы айтқан Сәкенді сынап тастады

Сәкен Майғазиев Медеу ауданында өткен қайырымдылық шараға атсалысты. Осы жаңалығын бөліскен әншіні желі қолданушылары сынап тастады.

0000000000000000000

Фото: instagram.com/saken_maigaziyev/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Қайырымдылық шараларына қатысудан алдына жан салмайтын жұлдыздар бар. Әсіресе, мұндай істерді Сәкен Майғазиев пен Заттыбек Көпбосынұлы ұнатады. Алғашқысы жуырда көпбалалы отбасыға бір айлық азық-түлігін апарса, кейінгісі 400-ге жуық жетімге мол дастархан жайған. Міне бүгін де Сәкен Майғазиев кезекті шараға атсалысып, балалар үйіне тегін концерт қойып берді.

Әкімшілік өздерін қолдауға келіскен Сәкен Майғазиевке алғыс айтты. Бұл жолы “Мерейлі-Медеу” атты қайырымдылық акциясы “Үміт үйінде” өткен екен. Акцияның басты мақсаты – ауданда орналасқан арнайы балалар үйінің сәбилеріне ұдайы түрде қамқорлық жасай отырып көңіл бөлу.

Өзінің қайырымдылық жасағанын жария еткен Сәкен Майғазиев жұртқа жақпай қалды. Желі қолданушылары оған жасаған жақсылығы туралы айтып мақтанбауға кеңес берді.

“Жасаған жақсылығыңды жариялауға болмайды. Неге істеген қайырымдылығын елге көрсетеді екен?! Түсінбеймін”, “Жалғас дұрыс айтады. Оны несіне мақтанып айтады. Жасаған болса Алла разы болсын. Бірақ оны жариялау артықтау болды” дейді олар. Мұнымен қатар, Сәкен Майғазиевті қорғап сөйлегендер де болды. “Артық сөздің қажеті не? Сәкен аға, сен сияқты адамдарға үлгі. Рахмет, аға! Алла жар болсын!” дейді олар.


Жіберіп алмаңыз:

Сәкен пәтерден-пәтерге көшіп, суық жатақханаларда түнеген күндері туралы айтты

Аулада қызын ойнатып жүрген Сәкен Майғазиев жұртты сүйсіндірді (видео)

Сәкен Майғазиев: Ешкім жетісіп жүрген жоқ

Сәкен Майғазиев өзіне қауіпті вирус жұқтырып алды (фото)

Талқылау