Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ниджат Рахимов Олимпиадада жеңіске жеткеннен кейін сақалын қырып тастады (фото)

Рио Олимпиадасының ауыр атлетикадан чемпионы  Ниджат Рахимовты бүгін жанкүйерлері танымай қалды.

спортшы

Ол өзінің Инстаграм желісіндегі парақшасына жаңа образдағы суретін  жүктеп « Бүгін Қазақстанға ұшамыз.  Жарыстың аяқталғанына қуаныштымын. Баршаңызға сәттілік» деп жазған.

Ал желі қолданушыларының біразы  спортшыны салтанатты түрде күтіп алуға қатысатындарын жазған. Біраз адам Ниджаттың суретіне қарап  тіпті оны танымай қалғандарын жасырмаған. Ал тағы бірнеше адам спортшыға  сақалсыз сүйкімді әрі жас көрінетінін жеткізген.

Ал спортшының бапкерлері  журналистерге берген сұхбатына  оның мұндай қадамға  баруына ешкімнің ықпалы немесе талабы болмағанын айтқан. Сондай-ақ, ол Ниджат Рахимовтың аяқасты қабылдаған шешімі болар дейтіндер де бар.

алтын

Есте болса, 77 келіде ерлер арасында өнер көрсеткен ауыр атлетіміз Ниджат Рахимов Рио Олимпиадасының алтынын жеңіп алған еді.

Ниджат жұлқа көтеру сайысын 165 келімен үшінші болып аяқтаған еді. Ал осы сайыста 177 келі зілтемірді көтеріп, жерлесімізден 12 келіге асып кеткен болатын.

Алайда, серпе көтеруде қазақстандық спортшының жұлдызы жанып, 214 келіні басынан асырып, басты қарсыласынан  Рио олимпиадасының алтынын тартып алды. Сөйтіп, қоссайыстың қорытындысы бойынша 379 (165+214) келі нәтиже көрсетті.

Қытайлық Люй Сяоцзюнь 202 келіден артық көтере алмады.

 

 

 

Талқылау