Руслан Күлекбаевтың қолынан қайтыс болған полицейдің балалары ескерусіз қалды

Жұма, 12 Мамыр , 2017 13:23

Берген уәде әлі орындалмады. Руслан Күлекбаевтың қарулы шабуылы кезінде, қызмет үстінде қаза болған полиция сержанты Серік Әбілдаевтің артында қалған отбасы ескерусіз қалды.

sushy4

Бұл туралы Алматы арнасы хабарлайды.

Қайғылы оқиғадан кейін Алматы облысының басшылығы асыраушысынан айырылған отбасыға баспана беруге уәде берген. Алайда, арада бір жылға жуық уақыт өтсе де, берілген баспана жоқ. Ал қаршадай үш қызбен жесір қалған Әсел Баймұхамбетова биліктің құрғақ уәдесінен мезі болған.

Үш қызымен 36 жасында жесір қалған Әсел Баймұхамбетова үш айға жетпей үй алам деген үміті қазір сөнуге шақ қалған. Жолдасы қаскөйдің қолынан қаза болғаннан бері үйдің бар ауыртпалығы өз мойнында. Өткен ғасырдың 70 жылдары салынған Байсерке ауылындағы  екі қабатты ескі үйден жолдасы тірі кезінде тар болса да пәтер алыпты. Бірақ ескі баспананың  әуресі көп. Биліктің жаңа жылда пәтер береміз дегенмен әлі созбақтап келеді.

«Пәтер беріледі деген. Әлі күтіп отырмыз, үмітіміз бар кәмелетке толмаған үш баламен. Әкімшіліктегілер әр мерекеде, мерекеде беріледі деп айтады»,- деді полиция сержанты Әбілдаевтың жесірі, Әсел Баймұхамбетова.

18 шілдеде Алматы көшелерінде Күлекбаевтың терактісіне қарсы шығу үшін бұйрық алған 42 жастағы полиция сержанты алған оқ жарақатынан 12 күн ес-түссіз жатып қайтыс болды. Құқық қорғау саласында 23 жыл істеп, үш жылдан соң зейнеткерлікке шығам деп жүрген жігіттің артында 12, 8 және 2  жасқа толмаған үш қызы қалды. Әкелерін сағынған қаршадай үш қыз әлі күнге көз жасына ерік береді. Әбілдаевтар қазір тек жәрдемақыға қарап отыр.

«Мен қазір папам үшін сабақты беске оқимын. Мен папамды сағынамын. Ол келетін сияқты, бірақ енді келмейді»,- деді полиция сержанты Әбілдаевтың қызы, Алтынай Әбілдаева.

Әкелерін бір көруге зар болып, сағынышы үдеген қыздар әлі күнге сол тар үйде тұрып жатыр. Қарулы шабуылдан қаза тапқан өзге полиция қызметкерлерінің отбасыларына Алматыдан ақшалай көмек те, пәтерлер де берілді. Ал асыраушысыз, әрі жұмыссыз отырған Серіктің жесірі Әсел Баймұхамбетоваға Алматы облысының басшылары баспана мәселесін шешу туралы Талғар ауданының әкіміне тапсырма берген. Бірақ, араға жылға жуық уақыт өтседе берілген тапсырма әлі орындалған жоқ.

«Пәтерлерді бөлу комиссиясының құрамы бекітілді. Келесі аптада алғашқы отырыс  өтеді. Пәтерлер тек қана кезекте тұрған азаматтарға беріледі. Алматыда қаза болған жігіттің жары Әсел Баймұхамбетовада пәтер беріледі»,- деді Талғар ауданы құрылыс бөлімінің басшысы, Жандос Әуелбаев.

Ал Талғар ауданы басшыларының айтуынша пәтердің уақытында бітпеуіне жұмысты дұрыс жүргізбеген мердігер компания кінәлі. 64 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысын аяқтауға 350 миллион теңге бөлінген. Бірақ, мердігер мекеме құрылысты дұрыс жүргізе алмай, істің соңы сотқа дейін жеткен. Әкімдік пен құрылыс компания арасындағы даулы іс 6 айға созылып, басқа компания құрылысты жуырда аяқтап, әкімдікке өткізіп берген. Айтуларынша, пәтер осы айдың соңында үлестірілмек.

Бұған дейін атыста қаза тапқандардың аналары Күлекбаевқа ату жазасын талап етіп жатқаныРуслан Күлекбаевтың көпшілікке беймәлім қырлары туралы да ақпарат жарияланған еді. Еске сала кетсек, 18 шілде күні Алмалы аудандық полиция басқармасына, сосын ҰҚК департаментіғимаратына шабуыл жасалды. Нәтижесінде 6 адам қаза тауып (үш полицей, бір шекара қызметкері және бір бейбіт тұрғын), 8 адам зардап шекті. Билік аталған оқиғаға теракт деп баға берді. Ал ұсталған күдікті бұрын сотталған 26 жастағы Қызылорда облысының тумасы болып шықты.

Тағы да оқыңыз:

Суши адам өміріне қауіпті болып шықты

Дәрігер: Жастар үйленбестен бұрын жыныстық қатынасқа түсіп аурудың жаңа түрлерін жұқтыруда

Қызылордада білім мекемелері жанынан ашылған сауналарда жезөкшелер еркін жүр (фото,видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар