Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Олимпиадада Қазақстан жалпы есепте 20-орынға шықты

Бүгін Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы жалпы есепте 18-орыннан 20-орынға жылжыды.

20160819093817

Тура қазір есеп бойынша АҚШ 35 алтын 33 күміс, 32 қола медаль жеңіп алып, жалпы есепте  көш бастап тұр. Ал Қазақстан құрамасы жаңадан алған 2 күміс, 1 қола медальмен жалпы есепте 18-орыннан 20-орынға сырғыды.

Қазір Қазақстан қоржынында 3 алтын, 5 күміс, 7 қола медаль бар.

Бұған дейін 77 келіге дейінгі салмақта сынға түскен ауыр атлет Ниджат Рахимов, 200 метрге брасс әдісімен жүзуде Дмитрий Баландин және 69 келі салмақта сынға түскен боксшы Данияр Елеусінов олимпиада ойындарының чемпионы атанды. Бұл спортшылардың барлығы олимпиада ойындарындағы тұңғыш жүлделерін иеленіп отыр.

Ал 60 келі салмақта дзюдошы Елдос Сметов, боксшы Василий ЛевитпенӘділбек Ниязымбетов және ауыр атлет (69 келі) Жазира Жаппарқұл олимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанды.

Ел қоржынына қола жүлдені ауыр атлеттер Корина Горичева (63 келі),Фархад Харки (62 келі), Александр Зайчиков (105 келі) және еркін күрес шебері Эльмира Сыздықова (69 келі), Екатерина Ларионова (63 келі) дзюдошы Отгонцецег Галбадрах (48 келі) және жеңіл атлет Ольга Рыпаковалар салды. Осылайша Ольга Рыпакова Қазақстан тарихында жеңіл атлетикадан екі олимпиадада қатарынан жүлде алған алғашқы спортшы атанды.

Талқылау