Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейлік әйел 6 жасар қызының ерні мен мұрнын аяусыз тістеп тастаған

Свердловск облысының соты 6 жасар мүгедек қызының мұрны мен ернін тістелеп тастаған анасы 4 жылға бас бостандығынан айырды.

plachet_0_0

 

Сурет chto-proishodit.ru сайтынан алынды

Айыпталушы, Ревда қаласының тұрғынына, қатысты қылмыстық іс РФ ҚК 111 «Жасөспірімнің денсаулығына немесе бетіне қасақана зақым келтіру, қорғансыз адамды аяусыз ұрып, мазақ қылу не азаптау» бабына сәйкес қаралды.

Мәліметтер бойынша, 2015 жылдың 7 қыркүйегінде анасы мас күйінде қызының беті-басын тістелеп, тырналап тастаған.

Сот отырысы кезінде анасының күнделікті күтімді қажет ететін науқас қыздың шаршағаны айтылды.

«Ясная поляна» еріктілер ұйымның мәліметінше, қыз жоғары дәрежелі дистрофиямен ауырдаы. Аяғында, кеудесі мен басында көптеген тыртықтар бар. 6 жаста болғанымен салмағы 10 келі ғана болады. Мұнымен қатар эпилепсия, БЦП ауруымен ауырады.

Ұйымның мәліметінше, қыздың әкесі оған қарамайтын көрінеді. Хабарламаларға да жауап бермей, қызының еміне ақша да бермейтін көрінеді. Науқаз қыз басын әрең көтеріп отырады, жағдайы өте ауыр, бірақ тәбеті өте күшті.

9 ақпанда Томск тұрғыны 7 жасар баласын үй тапсырмасын дұрыс жасамағаны үшін өлгенше сабаған еді. Ол «Қорғансыз күйдегі жас баланы өлтіру» бабы бойынша айыпталған болатын.

Талқылау