Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейде Қазақстанның автобусы жол апатына ұшырап үш адам қаза болды

Автобус Toyota автокөлігімен соқтығысқаннан кейін жолдың қарсы бетіне шығып Renault көлігін соққан.

Новосібірде Өскеменнен шыққан жолаушылар автобусы Алтай өлкесінің Топчихинский ауданында жантүршігерлік жол апатына түсті, деп хабарлайды Sputnik. 

Алдын ала мәліметі бойынша, рейстік автобус жеңіл көлікпен соғысқан.

“1995 жылы туған Toyota автокөлігінің жүргізушісі Барнаул қаласы жақтан Алейск қаласына қарай келе жатып, көпір үстінде жолдың қарсы бетіне шығып, қоршауды соғып, сонан соң Өскемен – Новосібір рейсін орындайтын Foton автобусымен соқтығысқан”, — деп хабарлады Ресей ІІМ Алтай өлкесі бойынша бас басқармасы.

54 жастағы қазақстандық автобустың жүргізушісі соққыдан қарсы бетке шығып кетіп, Алейск қаласына қарай келе жатқан Renault көлігімен соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан Toyota-ның жүргізушісі мен жолаушылары – 1993, 1986 және 1994 жылы туған жігіттер қаза болды. Екінші иномарканың салонында болған 27 жастағы ер адам мен 37 жастағы әйел ауруханаға жеткізілді.  

Жол апатынан автобустың жолаушылары зардап шекпеді.   

Тағы да оқыңыз:

Атамбаев шекараны нығайтып, қорғанысты күшейтуге тапсырма берді

Түркістанда жатқан Арыстанбаб кім: «Пайғамбар сахабасы» деген сөз рас па

Мұстафа Шоқайдың берген садақасы оны өлімнан аман алып қалған

 

Талқылау