Рано Омарова күйеуінің талабы бойынша сахнаға шығудан бас тартты

Дүйсенбі, 7 Қараша , 2016 16:17

«Дауыс International» тобының алғашқы құрамында ән салып, кейіннен өзін тележүргізушілік, актерлік қырынан танытқан Рано Омарова енді сахнаға шықпайды. Мұндай талапты оған өмірлік серігі қойған. Одан бөлек, күйеуі Ранодан жеке өмірлеріне қатысты қандай да бір ақпараттарды не суреттерді жария етпеуді өтінген.

22233335555

Бұл туралы 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасында айтылды.

“Жаңадан дүниеге сәби әкелген аналар түсінетін шығар… Үйде ұзақ уақыт отырып қалған кезде, емін-еркін жүріп-тұрып, қалағанынша киініп үйренген қыздар ертеңгі күні ана болғанда аздап қиналады. Далада жаз, жұрттың бәрі әдемі болып жүреді. Соларға қарап сен де далаға шығуды аңсайсың. Бір күні ұлымызды алып, күйеуіміз үшеуміз серуенге шықтық. Сонда күйеуім: «Сен ана емессің бе? Неге бұлай киінесің?» – деді. Жалпы екі талап қойды. Біріншісі – жеке өмірімізді сыртқа жарияламау, екіншісі – ән айтпау. Әрі қарай не болатынын көреміз. Бірақ нағыз шығыс әйелі ретінде мен жолдасымның айтқандарын бұлжытпай орындаймын», – деп түсіндірді Рано.

Күйеуі Раноға тек тележүргізуші болуға рұқсат еткен. Алайда ол үшін де Раноға ұлының 1 жасқа толуын күтуге тура келеді.

«Алғашқыда күйеуімнің ел алдына шығудан, сурет жариялаудан қашатынын түсінбедім. Ол оның таңдау құқығы. Мен оның таңдауын сыйлаймын, онымен санасамын. Сол себепті де оның аяғының не қолының суретін салып қоюым мүмкін. Күйеуім бар, бәрі ойдағыдай, алаңдамаңыздар. Ол бар болғаны елдің алдына шыққанды ұнатпайды, мен де онымен келісемін», – деп түйіндеді сөзін Рано.

Жіберіп алмаңыз:

«Беш» бейнебаянын ұйымдастырған біз емес. Әли Оқапов атышулы клипке қатысты пікір білдірді

Ата-анасы Мейрамбек Беспаевқа қыздарын бермей қойған

Ерке Есмахан болашақта толыққанды жанұясының болғанын қалайды

Маржан Арапбаева: Мектепте бірінші атаман болдым

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев

Пікір қалдыру


Анонимно
1 ай 2 күні кері

Дурыс айтады..жарайсын

Анонимно
1 ай 3 күні кері

Нагыз казахтын келини.

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
11.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар