Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында ұлын өртеп өлтірген қайғылы жағдайға ажырасу себеп болуы мүмкін

Қарағанды облысы Приозерскідегі қайғылы оқиғаға отбасының ажырасуы себеп болуы мүмкін.

20160913121124

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне қала прокуратурасынан хабарлады.

«Жантүршігерлік оқиға.  Ауқатты емес отбасы деуге келмейді. Жұмыстары бар. Ер адам газ толтыру стансасында, әйелі – коммуналдық  кәсіпорында бақылаушы болып жұмыс істеген. Үш балалары бар: үлкені 18-де, ол студент, 15 жастағы қызы және қаза тапқан 8 жастағы ұлы.  Өз-өзін өртеуіне себеп – қызғаныш болуы ықтимал», – деп хабарлады Приозерск прокуроры Ержан Тұрысбеков.

Оның айтуынша, сотта ажырасу үрдісі басталған. Отырыс 13 қыркүйекке белгіленген. «Алдын ала тыңдауда сот олардың татуласуын ұсынған», – деп түсіндірді прокурор.

Ол істің мән-жайын тергеу анықтайтынын айтып өтті. «Іс жабылған жоқ. Соталды тергеу жалғасуда, облыс прокуратурасының бақылауында», – деп атап өтті ол.

ІІД-ге сілтеме жасап хабарланғандай, Приозерскіде апат 12 қыркүйекте түнде орын алған. 49 жастағы ер адам алдын ала деректер бойынша, отбасылық жанжал барысында өзіне және 8 жасар ұлына бензин құйып, жағып жіберген. Осыдан кейін ер адам 4 қабаттан секіріп, өз-өзін өлтірмек болған.

Бала күйіктен оқиға орнында көз жұмды. Сондай-ақ бір қабат жоғары тұратын екі көрші иіс тиіп қаза тапқан.

Ер адам Балқаш ауруханасына жеткізілді. ДСБ ақпаратына сәйкес оның денесін 100 пайыз күйік шалған. Ол 13 қыркүйек таңертең көз жұмды.

Аталмыш факті бойынша ҚР ҚК 99-бабы бойынша соталды тергеу басталды.

Қыркүйектің 11-нен 12-не қараған түні Қарағанды облысының Приозерск қаласында орны толмас қайғылы оқиға орын алғанын хабарлаған едік. Ер адам отбасы жанжалынан кейін 8 жасар ұлы мен өзінің үстіне жағармай құйып, өртеп жіберген. Артынша өзін құтқару мақсатында 4-ші қабаттан секіріп кеткен. Бүлдіршін пәтерде өртеніп мерт болды.

Жіберіп алмаңыз: 

Хоккейші Петр Девяткин қарызының көптігінен өзіне өзі қол жұмсады

Астанада ер адам көпірден секіріп мерт болды

Шымкентте балабақшадағы қатарластары 4 жасар баланы қылқындырып, ес-түссіз күйге түсірген

 

Талқылау