Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада ер адам көпірден секіріп мерт болды

Астанада ер кісі көпірден секіріп көз жұмды. Куәгерлердің айтуынша, оқиға 13 қыркүйекте таңертең Тілендиев даңғылы бойындағы Атбасар-Көкшетау жолайырығында болған.

91857385

Алдын ала мәліметтер бойынша, ер адам көпірден тура жолдың үстіне секірген.

Аталған оқиғаны Астана қаласы ІІД баспасөз қызметі растады. Дегенмен толық ақпарат бере алмады.

«Бұл факт тіркелді, қазір тексеру жүргізілуде, жағдайдың қосымша мәліметтері анықталуда», – деді Астана ІІД баспасөз қызметі «ҚазАқпарат» тілшісіне берген жауабында.

Жіберіп алмаңыз:

Елордада 15-ші қабаттан секіріп кеткен жігіт қаза тапты

Астанада кішкентай сәби 5-ші қабаттан құлап аман қалды

Павлодарда ер адам 12-қабаттан құлап мерт болды

Көкшетауда 5-ші қабаттан құлаған студент ауруханада көз жұмды

Екібастұзда 4 жасар бала 8-қабаттан құлап аман қалды

Талқылау