Астанада кішкентай сәби 5-ші қабаттан құлап аман қалды

Сейсенбі, 2 Тамыз , 2016 22:22

Елордада терезедегі торды жыртып, далаға ауып кеткен ұл-қыздың саны азаймай отыр. Сөйтіп масадан қорғайтын тор бөбектердің өліміне не мүгедек боп қалуына әкеп соқтыруда. Оның үстіне биыл Астанада жүздеген бала биіктен құлап ауыр жарақат алған. Ал дәрігерлер гипс салып үлгермей жатыр, – деп хабарлайды КТК арнасы.

000000

Астананың  балалар ауруханасында бірнеше айдан бері  тыным жоқ. Бүгін  хирургтер  басы жарылып, ауыр дене жарақатымен түскен  3 жасар сәбиді аман қалып алу үшін тағы  барын салып жатыр. Ол 5-ші қабаттың терезе жақтауында ойнап отырып, тордан ауып кетіпті. Бірнеше минуттан соң келген анасы баласын жерден қан-жоса күйінде тауып алып, еңіреп жылаған.

Реанимациядан шыққан Әлимұса да гипс салынған аяғын ауырсынып жылап жатыр. Бірден енді асқан ұл екінші қабаттың терезесінен жерге құлаған. Періштесі қаққан бала, ажалдан аман қалып қазір беті бері қарап келеді.

“Біз ата-анасы жұмыста болдық. Баламыз ата-әжесінің үйінде болған, екінші қабатта. Ата–әжесі біз келерде,саяжайға кетіп, 10 жасар інімізге қалдырып кеткен Мұсаны. Ол терезенің алдында ойнатып тұрғанда байқаусызда тордан  шығып кетіпті”, – дейді Әлимұсаның анасы Айдана Сырбаева.

Тордан келген тажал үлкенді де, кішіні де аяп жатқан жоқ. Оның үстіне жазғы каникул кезінде жоғарыдан құлап , басы жарылып қол-аяқтары сынғандар ауруханаға сыяр емес. Дабыл қаққан  ақ халаттылар кішкентайларын қараусыз қалдыратын ата-аналардың жауапсыздығына күйініп отыр.

“23- бала жоғары қабаттардан құлап, жарақаттарымен түсті. Соның ішінде 2 бала қайтып кетті. Қалғаны біздің реанимация бөлімшесінде”, – дейді нейрохирург Халық Күлманова.

Осындай оқиғалар жазда көбейеді. Мәселен, жақында Алматыда аяққа енді тұрған ұл 12 қабатты үйдің терезесінен құлап мерт болды. Бірақ, жантүршігерлік оқиғалар ата-аналарға сабақ болар емес.  Осылайша, үлкендер масадан қорғанамыз деп жүргенде, зардабын кішкентайлар тартуда.

Бұл сұмдықтың алдын-алу үшін астаналық дәрігерлер әкімдікке хат жазып, үй саларда терезенің мықтап бекітілуін сұраған. Ақ халаттылар жазда ашық тұратын терезедегі мұндай торларды кішкентай ұл-қызы бар отбасылардың пайдаланбауын сұрап отыр.


Жіберіп алмаңыз:

Оралда ер адам 12-ші қабаттан құлап кетті

Екібастұзда 4 жасар бала 8-қабаттан құлап аман қалды

Павлодарда темір ұстасы эскалатордың астына құлап, ауыр жарақаттанды

Алматыда 12-қабаттың терезесінен бала құлап мерт болды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
18.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар