Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда темір ұстасы эскалатордың астына құлап, ауыр жарақаттанды

Павлодардағы «Артур» сауда үйінде жүріп жатқан жөндеу жұмыстарында 58 жастағы темір ұстасы эскалатордың астына құлап, қабырғасын сындырды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

513d7a0ab11e38f7bd117d760146fed3_M.a1762bf7cb196e15ffcd4a1b4e9173c423649

Павлодар облысының еңбек басқармасы басшысының орынбасары Марат Қабжамитов атап өткендей, жөндеу жұмыстарымен «Манас-ПВ» ЖШС айналысқан. – 1958 жылғы ер азамат алтыншы мен тоғызыншы қабырғаларының арасын жарақаттаған. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр, алайда, есін жиған, жағдайы ауырлау. Ертеңге дейін науқас жансақтау бөлімінде болады, алдағы емі туралы дәрігерлер шешім шығарады, – деді облыстық денсаулық басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Мұхамадиева.

Талқылау