Көкшетауда 5-ші қабаттан құлаған студент ауруханада көз жұмды

Сәрсенбі, 27 Шілде , 2016 8:56

Көкшетауда 16 жастағы колледж студенті 5-ші қабаттан құлап, ауруханада көз жұмды. Бұл туралы Ақмола облыстың ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

11310463

Оқиға 13 шілде күні болған.

“Облыстық ауруханаға 2000 жылы туған колледж студенті биіктіктен құлап, ауыр жарақатпен жеткізілді. 5-ші қабаттан құлаған студент ешқандай да өлер алдында жазба қалдырмаған”, – деп хабарлады ІІД.

Полиция оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тексеру жұмыстарын жасауда. Бір нұсқа бойынша, қыз бұл қадамға махаббат үшін баруы мүмкін.

“Алған ауыр жарақаттан қыз 23 шілде күні жансақтау бөлімінде есін жимастан көз жұмды”, – деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз хатшысы Шанхи Өтебаева.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар