Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Хоккейші Петр Девяткин қарызының көптігінен өзіне өзі қол жұмсады

Бұрынғы хоккейші, 1998 жылы Қазақстан құрамасынан Олимпиадаға қатысқан Петр Девяткин несиелік қарыздарының көптігінен өзіне өзі қол жұмсады. Қайғылы әрекетінің себебін қоштасу хатында жазып қалдырған.

20160913121756

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Хоккейшінің туған бауыры Александр Девяткиннің айтуынша, Петр бұл қадамға несиелік қарызының көптігінен барған. 1998 жылы Наганода өткен Олимпиада ойындарына Қазақстан құрамасында қатысқан спортшы отбасын асырап, банк алдында жиналған қарызын өтейтін лайықты жұмыс таппаған.

“Соңғы хатында ол: “мені кешіріңдер, бұдан әрі қарызбен өмір сүре алмаймын, бәріңді жақсы көремін” деп жазған”, – деді Александр Девяткин.

“Ол жақын күндері Порнайскіден Новосібірге ұшып келді және жұмыстарымен Мәскеуге барғалы отырған, алайда кейбір мәселелері шешілмеген сияқты”, – деп жалғады сөзін спортшының бауыры.

Пётр Девяткин 10 қыркүйек күні Новосібірдегі Немирович-Данченко көшесіндегі балалар алаңқайында өзіне өзі қол салды. Спортшының денесін жолай өткен тұрғындар көріп, жедел жәрдем мен құқық қорғау органдарын шақырған.

Соңғы уақытта Девяткин Сахалинде балалар бапкері болып жұмыс істеді. Ол “Спартак” пен “Динамодан” бөлек,  “Нефтехимик”, “Салауат Юлаев”, “Амур” және басқа да клубтарда ойнаған.

“Динамо” құрамында Девяткин 1995 жылы чемпион атанды.

Жіберіп алмаңыз: 

Ақтөбелік сүйіктісін жалаңаш суреттерімен бопсалап, суицидке дейін жеткізген

Оңтүстік Қазақстанда әйелдер суициді көбейді

Қостанайда учаскелік полицей жас жігітті суицидтен құтқарды

Алматыда өрт сөндіруші ер адамды суицидтен арашалап қалды

Талқылау