Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда учаскелік полицей жас жігітті суицидтен құтқарды

Учаскелік  полиция инспекторы аға лейтенант Азамат Шериезданов 14 тамыз күні төрт қабатты үйдің шатырынан секіргелі тұрған жігітті  өлімнен аман алып қалды. 24 жастағы  жігіт жұрттың көзінше жерге қарай өзін тастамақшы болған. Полицей жігіттің артынан барып, секірп бара жатқан жерінен ұстап қалған,-деп хабарлайды Stan.kz.

құтқарды

Кешкі сағат 20:00 шамасында 4-қабаттан құлағалы тұрған жігіт жайлы полицияға оқиға куәгерлері хабарласқан. Учаскелік олиция инспекторы келген кезде әріптестері араққа сылқия тойып алған жігітті жерге түсуге көндіре алмағанын түсінген. Жаңадан салынып жатқан кеңсенің төменгі жағында жігітті райынан қайтарғысы келгендер жиналып қалған еді.

«Ол жерге құтқарушыларды, жедел жәрдемді, жігіттің ата-анасын шақырттым»,-дейді учаскелік полицей.

Жігіттің ата-анасымен келіскен полицей қауіпсіздік баспалдағы арқылы төртінші қабатқа көтерілген.

Жарты сағат бойы шатырдағы жігіттің ата-анасы одан төменге түсуін сұраған. Мас жігіт қызының тастап кеткенін айтып, өмір сүргісі келмейтінін жеткізген. Содан шатырдан секіріп кетеді.

Осы кезде жігіттің туысы мен полиция қызметкері оның қолынан ұстап қалады. Жігітті  туысы мен полиция қызметкері көтеріп қайтадан  шатырға шығарып, қауіпсіздік баспалдағы арқылы төменге түсірген.

Полиция қызметкері Азамат  өз тәжірибесінде мұндай жағдайдың жиі кездесіп тұратынын айтады. Екі жыл жұмыс істеген полиция қызметкері көп жағдайда  араққа масайған тұрғындар отбасындағы ұрыстан кейін туыстарын, айналасындағыларды «өлемін» деп қорқытады дейді.

 

 

Талқылау