Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлын өртеп жіберген азамат Балхаш ауруханасында көз жұмды

Приозерскіде 8 жасар ұлын, артынша өзін өртеп, 4 қабаттан секіріп кеткен ер адам Балхаш ауруханасында көз жұмды. Сондай-ақ, өрт кезінде әйел мен кішкентай қыздың мерт болғаны және тағы бір әйелдің Приозерск ауруханасының жан сақтау бөлімінде жатқаны белгілі болды.

12811755

Денесінің 90%-ын күйік шалған еркек бүгін таңертең бақилық болды. Бұл туралы Қазақстан жаңалықтарына Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса мәлімдеді.

Қыркүйектің 11-нен 12-не қараған түні Қарағанды облысының Приозерск қаласында орны толмас қайғылы оқиға орын алғанын хабарлаған едік. Ер адам отбасы жанжалынан кейін 8 жасар ұлы мен өзінің үстіне жағармай құйып, өртеп жіберген. Артынша өзін құтқару мақсатында 4-ші қабаттан секіріп кеткен. Бүлдіршін пәтерде өртеніп, мерт болды.

«Балхаш ауруханасына жеткізіліген 49-жастағы азамат бүгін таңертең бақилық болды. Ауруханаға түскен кезде оның денесінің 90%-ын күйік шалған және басынан жарақат алған. Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасады, алайда оны аман алып қалу мүмкін болмады», – деді Иса.

Одан бөлек, бір қабат жоғары тұратын көршілер отбасы дауының құрбанына айналды. Әйел мен кішкентай қыз газдан уланып көз жұмды. Тағы бір әйел Приозерск ауруханасының жан сақтау бөлімінде жатыр. Оның қазіргі жағдайы ауыр көрінеді.

Жіберіп алмаңыз: 

Ресейде қыз бен жігіт селфи жасау үшін үш автокөлікті өртеп жіберген

БҚО-да көңілдесіне ашуланған ер адам өзін өртеп жіберді

Ресей тұрғыны интернеттегі “анонимді” адамның тапсырысымен көлікті өртеп жіберген

Француз әйел кек қайтару үшін күйеуінің жыныс мүшесін өртеп тастады

 

Талқылау