Президент шапан киіп, халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

Дүйсенбі, 21 Наурыз , 2016 14:54

Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елордада Наурыз тойланып жатқан этноауылда Қазақстан халқын Ұлыстың Ұлы күнімен құттықтады.

наннаааа7 — копия

Бұл туралы Қазақпарат хабарлады.

«Әз-Наурыз барша халқымызға құтты болсын! Осы жерге жиналған халыққа, барлық қазақстандықтарға шын жүрегіммен бақ-береке тілеймін. Ұлыстың Ұлы күні кешегі сайлаудағы ұлы жеңісімізбен қатар келді. Сондықтан Қазақстан халқы бір үйдің баласындай аман-есен жүріп жатқан жағдайымыз бар. Осы бірліктен Жаратқан бізді әр уақытта ажыратпасын. Барлық істеп жатқан жұмыс – келер ұрпақтың қамы. Келер ұрпаққа беретін аманатымыз елдің бірлігін сақтап, Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай қорғап, болашаққа жол салатын болсын», – деді Президент.

нанаа3 — копия

Осы орайда Елбасы Қазақстан тыныштық жағдайында өркендеп өсіп жатқандығын атап өтті.

нан2

«Осы күні адамдар бір-біріне қандай да бір реніштерін кешіріп, көшет отырғызып, бұлақтардың көзін ашқан, мұқтаждар мен кедейлерге көмек көрсеткен. Сонымен қатар мейірімділікке шақырып, жақсы тілектер айтқан. Мен баршамызға амандық, әр отбасыға, әр адамға бақыт пен барлық жақсылықты тілеймін», – деді Мемлекет басшысы.

нан-3(1)

Айта кетейік, Қазіргі уақытта «Астана Арена» маңындағы алаңда орналасқан этноауылда елорда тұрғындары мен қала қонақтары назарына концерттік бағдарлама ұсынылып, спорттық жарыстар өтіп жатыр. Осында «Тұсау кесер», «Бесікке салу», «Сырға салу», «Қыз ұзату», «Құда түсу» салт-дәстүрі көрсетілді, сондай-ақ «Тоғыз құмалақ» және басқа ұлттық ойындардан сайыс өтті.

нанна5 — копия

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
18.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар