Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Петропавлда жолаушылар автобустардың қашан келетінін телефон арқылы анықтай алатын болды

Петропавлда қоғамдық көліктердің жүру кестесін бақылау бағдарламасы іске қосылды. Енді жолаушылар өз автобустарының қай жерде келе жатқанын ұялы телефондары арқылы қадағалай алады. Бұл қысы қытымыр қала үшін маңызды жоба болып отыр.

1433158058_1

Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

Өйткені күннің суығында тұрғындар аялдамаларда көп тұрып қалатын. Бүгінгі таңда жаңа жүйеге 320 қоғамдық көлік қосылған. Әзірге қызмет түрін 9 мың адам пайдалануда. Сонымен қатар қаладағы 3 аялдамаға «ақылды тақта» орнатылған. Онда да автобустардың қозғалыс уақыты көрсетілген.

“Бұл жүйе жолаушы тасымалдаушылардың да жұмысын жақсарта түседі. Тұрғындар діттеген жеріне, әсіресе кешкі уақытта жете алмай жатады. Бұл ретте қай бағыттар ерте босайтынын анықтап, оларды адам көп шығатын аялдамаларға бекітеміз”, – дейді жолаушы тасымалдаушылар қауымдастығының төрайымы Галина Семенова.

Талқылау