Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Петропавлда тауарларын тегін тарататын дүкенге тыным жоқ

Петропавлда тауарларын тегін таратын дүкен жұмыс істейді. Ондағы заттар бүкіл шаһар халқынан жиналған,-деп хабарлайды ктк арнасы.

дукен.jpg111

Керек болмай қалған киімдер мен өзге де керек-жарақты тұрғындар ірі сауда орындарына қойылған жәшіктерге салады екен. Бұл дүкенге қажет орынды жергілікті базардың әкімшілігі тегін ұсыныпты. Тұрғындар мұнда киім- кешек қана емес, ыдыс-аяқ, ойыншық, тіпті жиһазға дейін әкеледі.

Айына екі рет қана ашылатын дүкеннің жұмыс кестесін оның тұрақты келушілері жақсы біледі. Көп балалы аналар ғана емес, бұл жерден жергілікті бейімдеу орталығындағы қаңғыбастарға киім беріледі.

«Тек қана әйелдер емес, ер азаматтар да көмегін көрсетеді. Бірақ та ол кісілер келуге ұялады. Алдымызда Наурыз келе жатыр. Ол күні жақсылық істеу керек әрқашанда,қолымызды жайып, тағы да бір жәрмеңке деген нәрсені өткіземіз деген ойымыз бар»,- дейді кәсіпкер Бақытжан сәмиева

Талқылау