Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда тура монша ішінде еркектерге қызмет көрсеткен жезөкшелер ұсталды

Павлодардың орталық моншасында тәнін саудалаған жеңіл жүрісті қыздар ұсталды. Ал оларға клиент тауып беріп жүрген екі “жеңгетай” енді заң алдында жауап бермек деп хабарлайды КТК телеарнасы.

ымым

Сурет otyrar.kz

Олар шаһардағы орталық моншаның саунасын жын-ойнақтың ордасына айналдырған. Мұндағы әкімші әйел мен күзетші түнгі көбелектер мен нәпсіқұмар еркектер арасында делдал болыпты. Әр тапқан клиенті үшін жезкөшелерден 5 мың теңгедей ақша алып отырған көрінеді. Тәнін саудалағандардың арасында Керекуге өзге аймақтан келген келіншектер де бар.

Ұсталған он жезөкшенің үлкені 38 -де, ең жасы 24-те екен. Олар тіркеуге алынып, үйлеріне жіберілген. Ал монша ішін жын-ойнаққа айналдырған қос азамат енді 5 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін.

Талқылау