Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда коньки теуіп жүрген жігіт мұз астына түсіп кетті

Павлодарда Усолка өзенінде серуендеп жүрген 1990 жылғы жігіт ажал аузынан аман қалды.

Бұл туралы өңірлік pavlodarnews.kz агенттігіне облыстық ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобы хабарлаған.

“Ол кеше, 3 желтоқсан күні кезінде конькимен жұқа мұздың үстінде сырғанап жүрген. Кенеттен мұз опырылып кетіп, ер адам мұздың астына түсіп кеткен. Абырой болғанда, оқиға орнында жүрген кұтқарушылар тұрғынды жағаға алып шықты”, — деді департаменттегілер.

Мамандардың айтуынша, жергілікті телеарналарда жұқа мұздың үстімен жүру адам өміріне қауіпті екендігі туралы роликтер көрсетіліп, тұрғындар арасында алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр. Десе де, соңғы кездері өз өмірін қауіп-қатерге тігіп, осындай қадамға баратын жағдайлар жиілеген.

Тағы да оқыңыз:

Біле жүріңіз: Жол полицейі тоқтатқанда ұстанатын ережелер

Бекболат Тілеухан: Бізде өнер элиталық және “массовый” болып екіге бөлінеді

Мұхамедиұлы жалақы мәселесіне қатысты: Аш жүретін шығармашылық адамдар ғаламат туындыларды дүниеге әкеледі

Талқылау