Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Пара бергені үшін Сингапурда сотталған қазақстандық қыз елге оралды

Сингапурда сотталған 26 жастағы қазақстандық Елена Калугина отанына оралды. Ол полицейге пара бермек болғаны үшін қамауға алынған еді.

singapore-police-force-office

Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

“Елена Калугина 5 тамыз күні миграциялық полицияның қарауылымен әйелдер колониясынан босатылып, депортация мәселесі реттелді. 6 тамыз күні ол Куала-Лампур арқылы Алматыға ұшып келді”, – деп хабарлады ҚР СІМ ресми өкілі Әнуар Жайнақов.

Әйелдер колониясына қамалған кезде оған біздің елдің консулы барып, жағдайын сұрап, қажетті көмек көрсеткен. Енді ол екі жылға дейін Сингапур еліне бара алмайды. Ал ҚР заңын бұзбағандықтан оған өз елінде ешқандай тыйым жоқ.

Еске салсақ, оқиға 28 маусым күні болды. Елена Калугина полицей Ло Хун Юэге өзін қамауға алмас үшін 2150 доллар көлемінде пара бермекші болған. Ол 1 айға түрмеге жабылған еді.

Оқи отырыңыз:

Елімізде ауа райы күрт өзгереді деп күтілуде

Жамбылда өз ауласында өлі табылған депутатқа қатысты қылмыстық іс қозғалды

Оңтүстікте бір ауыл халқы жаппай ауруға шалдығып жатыр

Қазақстанда отбасыны қолдау институты құрылмақ

Талқылау