Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбылда өз ауласында өлі табылған депутатқа қатысты қылмыстық іс қозғалды

Жамбылда өз ауласында өлі табылған облыстық мәслихат депутаты Қайрат Терлікбаевқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Марқұмды өлімге қызметтік тексерістің теріс қорытындысы итермелеуі мүмкін. Қазір осыған қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

6e86857678f4a9c257924ef0e00714e7_crop_l_2_t_0_w_634_h_356-620x403

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

“Ол баппен біз тіркеп, тергеу жүргізіп жатқанымыз рас. Ол кісінің жұмыс барасында қандайда жаңағы өзінің қызметіне байланысты ол жағын біз қарастырамыз. Тергеу уақыты әлі бар”, – деді Жамбыл облысы ІІД тергеу басқармасының бастығы: Мақсат Ережепов.

Өз-өзіне қол жұмсаған халық қалаулысы «Луговой» рельс дәнекерлеу кәсіпорнының директоры қызметін атқарған. Жуырда өткен сенат депутаттығына Жамбыл облысынан түскен бес үміткердің бірі болатын. 56 жастағы азаматтың өлі денесін келіні тауып алыпты.

Тергеу барысында мәйіттен жіп ізінен басқа дене жарақаты анықталмаған. Нақты сараптама қорытындысы бір айдан кейін белгілі болмақ. Ажал құшқан азамат бір күн бұрын кәсіби мерекелеріне орай қызметкерлерін құттықтап, бірге атап өтіпті. Кәсіпорында ревизорлық бақылаудың болғанын әріптестері де растайды.

“Жалпы жоспар бойынша, Ішкі Бақылау Департаменті Оңтүстік өңірлік бөлімі ревизиясының ревизоры Наурызбаева С. Н. Так-к-к, 4-і күні біз қарсы алдық, жұмысшыларды құттықтады, басшымыз арамызда болды, көңіл-күйі жақсы болды”, – дейді «Қазақстан Темір Жолы» ҰК АҚ Филиалы «Луговой» рельс дәнекерлеу кәсіпорнының менеджері.

Оқи отырыңыз:

Бурабайда үрлемелі матрасы аударылған екі қыз дүйім жұрттың көз алдында мерт болды

Елімізде соңғы тәуліктерде 11 адам суға кетті

Астанада өзіне қол салған қыздың артында 2 жасар сәбиі қалған

Ақмола облысында көліктің дөңгелегі жарылып, баласы мен анасы көз жұмды

Талқылау