Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда отбасыны қолдау институты құрылмақ

Институт жағдайы төмен отбасыларға қаржылай көмек беріп қана қоймай, олардың әл-ауқатын арттыру бойынша жоспар құратын болады.

2292844

Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

Қазақстанда жуық арада отбасыға қиын-қыстау кезеңде жәрдем беретін қолдау көрсету институты пайда болуы тиіс, деді ҚР еңбек және әлеуметтік қорғаныс вице-министрі Светлана Жақыпова.

Жақыпованың сөзіне сүйенсек, әлеуметтік көмек берілген кезде әлеуметтік келісім жасалып қана қоймай, отбасыны қиындықтан шығару бойынша жеке жоспар құрылатын болады.

“Былтырдан бастап отбасыға қолдау көрсету институтын құру мақсатында жұмыс жүргізіп жатырмыз. Ол қалай жұмыс істейді және бүгінде қандай қызмет көрсетеді? Егер бүгін отбасы жергілікті құзыретті органға келіп, “маған жәрдемақы беріңізші” деп, кіріс деңгейін дәлелдейтін болса, келесі жылдан бастап алдын алатын қызмет көрсетулер ұсынамыз”, — деп хабарлады Жақыпова орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Мұндай жағдайда, оның айтуынша, жергілікті атқарушы органдар отбасыға барып кешенді шаралар қолдануы тиіс, оның мақсаты – отбасыға қолдау көрсетіп, оны кедейліктен арылтуға жағдай жасау.

Тағы да оқыңыз:

Ақтөбеде қарбыз сатып тұрған жерінен көлікке мінгізіп әкеткен жігіт табылмай жатырЕлімізде еңбек өтілі 30 жылдан асқандардың зейнетақысы екі есе артады

Алматы облысының тұрғыны рак ауруын жеңіп шықты

Талқылау