Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде қарбыз сатып тұрған жерінен көлікке мінгізіп әкеткен жігіт табылмай жатыр

Ақтөбеде көтерме базар маңында қарбыз сатып тұрған 32 жастағы жігітті белгісіз біреулер көлікпен әкеткелі бері одан еш хабар жоқ.

IMG-20170807-WA0028-e1502109721244

Редакциямызға жоғалып кеткен жігіттің туыстары хабарласып, мән-жайды айтып берді. Нағашы апасы Ерхан Тілеумбетовтің 3 тамыз күні базарда сауда жасап тұрғанын айтады, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

«Қасына ақ джип лендкрузер 200 көлігі келіп, ішіндегі жігіт Ерханмен бес минуттай сөйлескен. Кейін көлігіне отырғызып алып кеткен. Содан бері жиенімізден хабар жоқ. Көліктің нөмірі камераға түспеген. Оны әдейі жасырған болуы мүмкін. Қараусыз қалған қарбызын біреулер тиеп әкеткен. Өзінің көлігі сол жерде қалып қойған. Ішіндегі құжаттары орнында», — дейді нағашы апасы.

Туыстарының айтуларына қарағанда, Ерханның бойы 188 сантиметр. Өңі аққұба, шашы қоңыр түсті. Үстінде қара футболкасы мен қара шалбары болған. Көрген-білгендер болса 8 702 682 25 60 немесе, 8 747 208 13 18 нөмірлеріне хабарласуға болады.

Тағы да оқыңыз:

Елімізде еңбек өтілі 30 жылдан асқандардың зейнетақысы екі есе артады

Алматы облысының тұрғыны рак ауруын жеңіп шықты

Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты өз-өзіне қол салды

Талқылау