Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сингапурде 26 жастағы қазақстандық бойжеткен қамауға алынды

Сингапурде 26 жастағы қазақстандық Елена Калугинаны қамауға алынды, деп хабарлайды The Straits Times.

1467961275

Елена Калугина полицей Ло Хун Юэге өзін қамауға алмас үшін 2150 доллар көлемінде пара бермекші болған. Ол 1 айға түрмеге жабылды.

Сот мәліметінше, инспектор Ло Хун Юэ мен Ксавьенің штаб-сержанты Сео Хун Ге Royal отелінде болжам бойынша заңсыз виза әрекеттері туралы хабарламаны тексеру үшін Кулагинаның нөміріне барған. Тергеу кезінде Қазақстан азаматшасы бас бармағы мен сұқ саусағын көрсетіп, ыммен ақша ұсынған. Инспектор оның бұл әрекеті қылмыс екенін түсіндіріп, камераға түсуі мүмкін екенін ескерткен. Алайда ол жәшікке ақша салып ұсынып, келесі рейспен ұшып кететінін айтқан.

Бұл соттың ең жеңіл жазасы. Себебі сот шешімі бойынша сотталушыға 100 мың доллар айыппұл салынып, 5 жылға түрмеге қамауға шешім шығару қаупі болды.

Тағы да оқыңыз:

Қазақстанның 2 мыңға жуық азаматына Түркияға кіруге тыйым салынды

Египет жағалауындағы шабуыл: бірнеше жерден пышақталған ресейлік әйел аман қалды

Иранда есірткі саудасына байланысты 10 жасар бала өлім жазасына кесілді

 

Талқылау