Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Пара алып ұсталған Шығыс Қазақстанның бас дәрігері реанимациядан бір-ақ шықты

Пара алып жатып ұсталған Шығыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы да аурухананың жансақтау бөліміне түсіп қалды. Вадим Овсянниковке сыбайлас жемқорлықпен айналысты деген айып тағылғанда оның жүрек талмасы ұстаған көрінеді. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды.

Безымянный

Сурет altaynews.kz

Қазір шенеунік кардиологиялық орталықта ем қабылдауда. Дәрігерлер оның хал-жағдайы туралы ешқандай мәлімет бермей отыр. Овсянников өткен сәрсенбі күні жеке кабинетінде өңірдегі ауруханалардың бірінің бас дәрігерінен 70 мың теңге пара алып жатқанда ұсталған еді.

Құзырлы органдағылардың мәлімдеуінше, ол жүйелі түрде емдеу мекемелерінің басшылары мен жергілікті кәсіпкерлерден ақша жинаумен айналысқан. Ал есесіне сатып алу мен түрлі тексеру кезінде солардың мүдделерін қорғайтын көрінеді.

Бұған дейін ШҚО бас дәрігерінің парамен ұсталғанын хабарлап едік.

Талқылау