Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзіңді қабылда және ешқашан берілме: 14 жыл бойы ауруымен күресіп келе жатқан жасөспірімнің оқиғасы

Кенияда тұратын 14 жастағы Энджел Ванджиру BBC арнасына берген сұхбатында туа біткен ауруынан қалай қиналғанын және өз-өзін қалай қабылдағанын айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Q-Pop әлеміндегі жаңа әнші: Kyle Ruh деген кім?

Жасөспірім дүниеге келгенде дәрігер анасына оның мүгедек болып қалуын ескерткен. Махаббатқа толы ана жүрегі өзгенің сөзіне мән бермей, “мен сені жақсы көремін” деуменен қызын өсірген. Энджел Ванджирудың басы басқа адамдармен салыстырғанда үлкенірек. Ол гидроцефалия ауруымен туылған.

“Менің атым Энджел Ванджиру. 14 жастамын. Осындай басыммен дүниеге келгенмін. Гидроцефалия ауруы маған туа біткен. Дәрігер анама маған мүгедек болып қалу қаупі төніп тұрғанын ескерткен. Бірақ оның айтқаны орындалған жоқ. Мен ешқашан өзімді қабылдай алмайтынмын. Сондықтан анам маған әр күн сайын “мен сені жақсы көремін, мен сені жақсы көремін, мен сені жақсы көремін” деп айтатын”, — дейді жасөспірім.

Энджел Ванджури қоғамнан қысым көріп, адамдардың мазағына да шыдаған. Ақырында олардың сөзіне мән бермеуді үйреніп, бүгінде  әнші болсам деген үлкен арманына ұмтылуда.  Ол өзінің алғашқы әнін шығарып үлгерген.

“Анамнан “үнемі мен неге басқа адамдардан өзгешемін?”, “мен өткенде адамдар неге маған қарап күледі?” деп сұрайтынмын. Оның ән салудан бөлек басқа жауабы болмайтын. Кеше мені түріме бола мазақтап, күлген адам болды. Мен жылап қалдым. 2016 жылы мен өзімнің алғашқы әнімді шығардым. Ол “Мен білгім келеді” (Nataka Jua) деп аталады”, — дейді ол.

Энджел Ванджури адамға өз-өзін қабылдау, жақсы көру маңызды екенін түсінген. Сондықтан ол адамзатқа, әсіресе ерекше мүмкіндіктері бар жандарға өз-өзін құрметтеуге, жақсы көруге кеңес береді.

“Мүгедек балаларға айтатыным — солай жаратылған соң, өзіңді қабылда. Адамдар күлсе де оларға көп сенім артпа. Себебі, сені олар емес, Құдай жаратты. Өзіңді қабылда және ешқашан берілме”, — дейді ол.

Кениядағы мектеп оқушысы өз ауруымен күресіп, өзгелердің көңіліне сенім ұялату арқылы өз арманына бір қадам болсын жақындай түсуде.

 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау