Өзбекстандық спортшысы қыз жынысын өзгертпекші

Жұма, 29 Шілде , 2016 14:15

WhatsApp мессенджері арқылы хабарласқан Өзбекстанның 21 жастағы спортшы қызы жынысын өзгертіп, ер адам болғысы келетінін жазған. Ол өзін физикалық және психологиялық тұрғыдан да ер адам секілді сезінетінін, тек құжат бойынша әйел затына жататынын айтады – деп хабарлайды centralasian.org.

спортшы-қыз

Бойжеткен 2009 жылы Өзбекстанда жеңіл атлетикадан қыздар арасында чемпион атаныпты. Кейін медициналық тексеруден өткен кезде, дәрігерлер оның дене мүшелерінің жетілуі ер адамға тән екенін анықтаған. Сол үшін де ол қыздар арасындағы халықаралық жарыстарға қатыса алмай келеді екен.

– Дәрігерлер маған ағзамда 90 пайыз ер адамдарға тән гармондар бар екенін айтты. Мені Тәшкенттегі Эндокринология орталығына жіберді. Онда да дәрігерлер ағзамда әйелдік гармондар жоқ екенін айтты. Мен бала кезімнен ер балалармен көп ойнадым, ішкі әлемім де, сыртқы әлемім де ер адамдардыкіндей, – дейді Н. есімді бойжеткен.

Н. Әндіжанда туып-өскен, бірақ соңғы төрт жылдан бері Ресейде тұрады.

«Өзбекстанда қыз болып өмір сүру мен үшін өте ауыр болды. Наманган дәрігерлері маған өте көп дәрілер жазып берді. Менің ата-анам олардың бәрін қинап ішкізді. Олар маған өзімді қыз бала ретінде қабылдап, бәріне көну керек екенін үнемі айтты», – деп есіне алады.

Спортшы қыз жынысын өзгерткеннен кейін Өзбекстанға қайтып оралғысы келмейтінін айтады. Қазір оның Ресейде кездесіп жүрген қызы бар екен. Өзбекстанда жынысын өзгертуге заңмен тыйым салынған.

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар