Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Отадан 23 жыл өткен соң: Дәрігерлер әйелдің ішінен қайшы тапты

Осетия тұрғыны Евета Петровна жамбас буынын рентгенге түсіріп, ішінде бөгде зат бар екенін білген.

Отадан 23 жыл өткен соң: Дәрігерлер әйелдің ішінен қайшы тапты

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Mash Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Дәрігерлер әйелді рентгенге түсіргеннен кейін оның қалтасында қайшы болған-болмағанын сұрапты. Әйел ештеңе болмағанын айтқан соң, олар рентген суретін көрсеткен. Онда әйелдің құрсақ қуысында металл қысқыш бары анық көрінеді.

«Мен еңіреп жыладым. Қаншама жыл қиналдым», - дейді Евета Петровна.

Анықталғандай, 1996 жылы әйелге кесір тілігі жасалған. Сол кезден бері ол ішінің ауыратынын жиі байқапты. 

Евета Петровнаның сөзінше, ол дәрігерлерге жүгініп, бірнеше рет көмек сұраған. Алайда дәрігерлер денсаулығында кінәрат жоқ екенін айтып, ауруды басатын дәрі жазып берген екен. Артынша ақ халаттылар оған бауыры ауыратынын айтыпты. 

Дәрігерлер әйелдің ішіндегі қайшыны әлі алып шыққан жоқ. Ал Осетияның Денсаулық сақтау министрлігі тексеріс жүргізуде. 

Талқылау