Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде кішкентай баласын бейтаныс адамға ұстатып қашқан әйел іздестіріліп жатыр

Өскемен тұрғыны бір жарым жастағы баласын бейтаныс адамға тастап, өзі із суытқан. Алғаш көрген адамына сәбиді жарты сағат қарай тұруын өтінген ол сол кеткеннен оралмапты.

тастап кеткен

Бұл туралы ктк арнасы хабарлайды.

Баланы алып қалған тұрғын келіншектің кім және қайда тұратынын да сұрап алмаған. Бар білетіні безбүйрек ана өзін Ариша деп таныстырған екен. Оның қайтып келмейтінін түсінген бойжеткен полицияға хабар беріпті. Қазір тамағы ауырып қалған сәби «Ана мен бала орталығында» емделуде. Ал тәртіп сақшылары баласынан безген келіншектің телефонын тауып хабарласқан. Бірақ ол бөбегін көруге асығар емес.
«Бала ешкімді жатырқамайды. Өздігінен тамағын жейді. Ұйқысы да тыныш. Үсті-басы да таза. Анасының оны қалай ғана тастап кеткенін түсіне алмадық»,-дейді дәрігер Мәдина Қалдыбаева

Талқылау