Өскеменде қалалық сотты күзеткен полицей мемлекеттік көліктің дөңгелегін ұрлаған

Сәрсенбі, 8 Маусым , 2016 11:01

Шығыс Қазақстанда мамандандырылған күзет басқармасының қызметкері жұмыс уақытынан тыс кезде қалалық сотқа тиесілі қызметтік көліктің дөңгелегін шешіп алған.

1446792270_koleso2811

Сурет timeskz.kz

Бұл туралы Өскемен Жаңалықтары хабарлайды.

20 жастағы кіші сержантқа қалалық сотты күзету қызметі сеніп тапсырылған. Жас жігіт жұмыс уақытында өз міндетін қалтқысыз атқарған. Ал жұмыс уақыты аяқталған соң, мүлде басқа әрекетке көшкен.

2016 жылдың қаңтар айында ол кеш батқанда ғимарат қоршауынан секіріп өтіп, мемлекеттік меншігіне тиесілі автокөліктің дөңгелегін шешіп алған. Ол оңай олжаны қаладағы көлік жөндеу орталықтарының біріне апарған.

Алайда оның әрекеті әшкере болып, ШҚО ІІД қызметкерлері дөңгелекті иесіне қайтарып берген.

Өскемен қалалық №2 соты қылмыстық әрекетке барған жігітті екі жылға бас бостандығынан және кіші сержант атағынан да айырды. Үкім әлі заңды күшіне енбеді.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
18.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар