Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде 10 жастағы қыздың асқазанынан бір уыс шаш шықты

Өскемен қаласының кішкентай тұрғыны ота жасатты. Оның асқазанына бір уаыс шаш шыққан.

Ана мен бала орталығының қызметкерлері қыз баланың ішіне жиналған шашты көріп таңғалды. Хирург Есен Шокаев пен көмекшісі Степан Изнаиров бөгде затты алып тастады, деп жазады Устинка.live.

Хирургтер мұндай жағдаймен сирек кездеседі. Әсіресе, жүйке жүйесі бұзылған балалардың ішінен осындай заттар шығады.

“Балалардың жүйкесі бұзылып, мазасыздана бастағанда өз шашын жұлып жей бастайды. Шаш асқазанына жинала береді. Жиналған шаш қатайып басқа затқа айналады”, – дейді хирургия бөлімінің меңгерушісі Қайрат Рахимжанов.

Шашын жеуге құмар балалардың ата-анасына ескерту жасаймыз. Дәрігерге тексертіп, асқазанын тазалатуды ескертеміз”, – дейді дәрігер.

Қазір 10 жасар қыздың жағдайы жақсы. Жақын күндері ауруханадан шығарылады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау