Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскемен қаласында АҚШ-та қаза тапқан жеткіншек атындағы скейтпарк ашылды (фото)

№11 мектеп-лицейінің спорт алаңында Өскемендегі алғашқы скейтпарк ашылды. Оны “FLEX” бағдарламасының студенті, американдық Висконсинде жол-көлік апатында қаза тапқан Тим Бекшентаевтың ата-анасы сыйлады.

111111111

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

20160618104127

Мұндай кешен Тимнің арманы болатын. Алаңның ашылу күнінде қаза тапқан жігітті еске алу мақсатында елдегі алғашқы скейтбординг және BMX бойынша ашық республикалық турнир басталды.

20160618104121

0000000000

00000

Студенттің туыстары атап өткендей, бұл аталған спорттық бағыттарға әуес жандардың қауіпсіздігі үшін және оларды басын қосатын, жастар арасындағы бұқаралық спорттың дамуына серпін беретін қалаға деген сыйлық.

????????????????????????????????????

ШҚО-да велосипед, скейтборд және роликті конькилермен жүретін жастар көп. Келесі жылдың соңына дейін ШҚО-да тағы 4 скейтпарк салады. Жаңа кешендер Өскемендегі Жібек маталар кәспорыннында, Семейде, Риддерде және Зырянда орнатылады, деп хабарлады әкімдікте.

20160618104133

“SkatePark Time” алаңы ашылған соң скейтбординг бойынша республикалық турнир басталды. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен 50 спортшысы келді.

Талқылау