Ер адам ұшақта жанына адам сыймағаны үшін ұялып 140 келіге арықтады

Канадалық Тони Басси 147 келіге арықтады. Ол өрт шыққанда адамдарды ұшаққа эвакуациялау кезінде екі адамның орнын алғаны үшін қатты арланған. Басси мұндай енді қайталанбайды деп, салмақ тастауға бел байлаған.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды, bigpicture.ru-ға сілтеме жасап.

2016 жылы Мак-Муррей фортында орман өрті  болды. Тони мен оның әріптестері өртке мән бермей жұмыстарын жалғастыра берген. Алайды, өрт едәуір аумаққа таралып, билік ондағы адамдарды жақын жердегі ауылға ұшақ арқылы эвакуациялады.

Сол сәтте Тонидың салмағы 257 келі болған. Әуежайға келгенде қызметкерлер оның салмағына байланысты алдыңғы қатарға қойған. Сөйтсе, Тони бірден 2 адамның орнын алған.

“Адамдарға менің семіздігімнің кесірінен күтуге тура келді. Тіпті менің жаныма ешкім отыра алмады. Бұл дұрыс болмады. Мен өзгеруді ойладым”, – дейді Тони.

Ол бір адамға орын жетпей қалғандықтан арытқауды жөн көрді.

“Мен бәрін ойладым: “Біреудің әйелі, біреудің күйеуі оларды отбасында күтіп отырған шығар. Ал оған менің семіз болғаным үшін күтуге тура келді”. Бұл маған қатты әсер етті”, – дейді ол.

Тони эвакуциядан кейінгі күні арықтауды бастап кетті. Сол үшін ол алдымен тамақтану тәртібін өзгертті: еттен бас тартып, картоп фриін көкөніске ауыстырды. Және көп қозғалатын болды.

“2 жыл бұрын тіпті, өз көлігімен дейін әрең жетіп, ішіне әрең отыратынмын”, – дейді Тони.

Тони ақырындап қимылардын күшейтті: алдымен 5 минуттан жүрді, кейін 10 минут ары қарай көбейте берді. Қазір Тонидің салмағы 110 келі, енді ол 13 келіден арылғысы келеді.
Жақында ол жаттығу залына жазылып, 3 жылдан кейін эвакуцияның бес жылдығына марафон ұйымдастырмақшы. Оның тағы бір арманы – саяхаттау. Бұрын Тони ауыр салмағының кесірінен саяхатқа да шыға алмайтын.

Тони өзінің оқиғасы басқаларға да әсер еткенін қалайды.

“Бұрын менде мұндай боламын деген үміт те болған жоқ . Мен тек өлуімді күтетінмін. Бірақ, мүмкіндік бар екен. Арықтай бастағанда 41 жаста болдым. Егер менің қолымнан келсе, демек барлығының қолынан келеді”, – дейді Тони.

Тағы оқыңыз:

Адамның орнын роботтар қашан басатыны белгілі болды

23 жасында төрт баланың анасы атанған келіншек босанғаннан кейінгі ішін көрсетіп, жұртты шошытты (фото)

Дәмді тағамның иісін сезген піл туристер мінген көлікті аудара жаздады (фото)

Сот кофе ішетіндерге қатерлі ісік қаупі туралы ескертуді тапсырды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
22.04.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар