Оралда ұйымдастырушылар Төреғалидің афишасын қоқыс жәшігіне іліп кеткен

Бейсенбі, 27 Сәуір , 2017 11:58

Орал қалалық әкімдігі бір аптадан бері әнші Төреғали Төреәлінің концертін ұйымдастырушыларын таба алмай әлек. Бұл туралы «Время» газеті хабарлады.

торегали 270417

Архитектура және қала құрылысы бөліміндегілер бірнеше күннен бері концерт ұйымдастырушыларымен тілдесе алмай келеді. Себебі әкімдіктен хабарласып жатқанын білгенде телефонның ар жағындағылар тұтқаны қойып, қайта алмайды екен. Бар мәселе – заңсыз ілінген жарнамада.

Қала әкімдігіне қарасты архитектура және қала құрылысы бөімінің маманы Ирина Вайдиеваның айтуынша, концерт афишасы барлық жерге ілініп тасталған.

концерт афишасы

«Афишаны үйдің қақпаларына, аялдамалар мен үй қабырғаларына, тіпті, қоқыс жәшіктеріне іліп кеткен. Әрине, біз мұндай бассыздыққа жол бермес едік. Жарнама ілетін арнайы стендтер мен билбордтар, афишалық орындар бар. Бірақ оны жабыстыру туралы бізден ешкім рұқсат алмады. Заң бойынша рұқсат етілмеген жерге жабыстырылған әр афиша үшін 25 АЕК көлемінде айыппұл жазылады, ол дегеніңіз 45 мың 380 теңге», – дейді Ирина Вайдиева.

Бөлім инспекторлары әзірге заңсыз ілінген 100 афишаны анықтады. Ол дегеніңіз -4,5 миллион теңге айыппұл. Тексерушілер қаланың түкпір-түкпірін аралайтын болса, бұл сомманың еселенетіні сөзсіз дейді мамандар.

Жіберіп алмаңыз:

Арыстанбек Мұхамедиұлы: Рианнаны емес, Димашты таңдаймын

Авраам Руссо Жігер Ауыпбаевқа дуэт айтуға ұсыныс жасады (видео)

Елбасының Димашты қабылдап батасын берген видеосы жарияланды (видео)

Димаштың анасы қазақстандықтарды күнделікті ұлттық киім киюге шақырды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
14.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар