Димаштың анасы қазақстандықтарды күнделікті ұлттық киім киюге шақырды

Сәрсенбі, 26 Сәуір , 2017 14:02

Димаш Құдайбергеновтың анасы «ұлттық киімдер күнделікті киіп жүруге жарамайды» дегендерге жауап берді.

18095807_372571883143781_4484150112783695872_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Күні кеше отбасы мен барша жанкүйері Димаш Құдайбергеновты Астана қаласында ұшақтан күтіп алды. Асыға күткен кездесуге әншінің анасы қазақы ою-өрнектермен безендірілген сырт киім киіп келіпті. Осы орайда, ол ұлттық киімдерді күнделікті киіп жүруге болатынын меңзеді.

«Біздің ұлттық киімдеріміз күнделікті киюге келмейді дегендерге арнайы фото» деп жазады Светлана ханым ұлымен түскен суреттің тұсына.

18161031_458170374534219_1870819859294584832_n

Желі қолданушыларының барлығы дерлік әншінің әрекетін қоштай түсті. «Сіз – алтын құрсақты анасыз», «Мен де киіп жүруге қарсы емеспін», «Димашымызға әдемілеп қазақы нақыштағы күрте тіктіріп берсе ғой. Өнерлі тігіншілердің құлақтарына алтын сырға», «Керемет! Димаш, жасасын», «Света әпке, сурет өте керемет шығыпты», «Тамаша! Ұлттық киімдеріңіз өздеріңізге үйлесіп тұр», «Қазағымның маңдайына біткен жарық жұлдызы десем, қате айтпаймын. Өнеріңмен, тәрбиеңмен бүкіл әлемді тәнті еттің. Алтын бала, саған мың алғыс» деп жазады желідегілер.


Жіберіп алмаңыз:

Димаштың Қытайда қалатыны рас па?

Димаштың қытайлық жанкүйерлері “Абай жолын” жарыса оқып жатыр

Азамат Сатыбалды киноға түсу үшін 10 күн бойы тек су ішкен

Астанадағы Димаштың концертінде төбелес болды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Anonymous says:

    осындай бала тəрбиелеген анаға 1000 да бір рахмет! қазақстаның туын көке желбіреткен ұлдан.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
17.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар