Азамат Сатыбалды киноға түсу үшін 10 күн бойы тек су ішкен

Сәрсенбі, 26 Сәуір , 2017 12:58

Бір сен үшін! Бұл картинаның тұсаукесеріне өнер өлкесінің өкілдері түгелдей жиналып, тіпті алғашқы көрермендердің қатарында Алматы қаласының басшысы Бауыржан Байбек те болды. Ал, жоба жетекшісі, әрі басты рөлді сомдаған Азамат Сатыбалды, киноөндірістегі дебюты үшін, біраз салмақтан арылғанын айтады.

satybaldy jane baibek

Бұл туралы НТК арнасының «Ревю» бағдарламасында айтылды.

«Сол үшін арнайы съемканы 15 күнге тоқтатып, мен 10 күн таза суда отырдым. Судан басқа ештеңе ішкен жоқпын. Сол диетаны ұстау арқылы мен 12 кг салмақ тастадым. Өзіңнің ойыңдағы герой болғаннан кейін, соның тағдырын, трагедиясын жеткізуге тырысасың. Жеткізгенде, әрине сенімді болу керек. Сол үшін актерлар осындай құрбандыққа барып тұрады», – дейді Азамат Сатыбалды.

Бұл картинада Азаматтың театр сахнасындағы серігі Зарина Кәрмен Сатыбалдының сүйіктісін сомдайды. Актриса жаңа мелодрамада Айжан есімді кейіпкердің кейпіне енген.

«Бұл фильмнің сценарийі өзімізге негізделген. Ол әртістің басына қона беретін бақ емес. Сондықтан да үлкен жауапкершілік болды. Ол ең басты қорқыныш мен үшін», – дейді фильмде басты рөлді сомдаған актриса Зарина Кәрмен.

Үміт. Сенім. Махаббат. Бұл фильм отбасының беріктігін сақтап қалу жолында түрлі қадамға барған Асқар есімді жігіт жайлы. 8 жыл бойы сәби сүйе алмаған жұбайлар суррогат атаның көмегіне жүгініп, нәтижесінде отағасы түрмеге тоғытылады.

«Таң атпай ұйқыдан тұрып алып, не істеп жүргенімді өзім білмеймін әйтеуір. Үлкен қобалжу үстіндемін. Көрермен қарай қабылдайды, ең бастысы. Жүректеріне жетеді ме?» – дейді режиссер Ардақ Төлеутай.
Ал, картина режиссерін толғандырған сауалға, тұсаукесерге келген көрермендердің де жауабы дайын.

«Әр кейіпкер – өзінше, әркімдікі дұрыс. Ешкімді жазалай алмайсың. Анау дұрыс, мынау бұрыс дей алмайсың. Бәрі пенде, бәрі адам, кәдімгідей өмір және бұл қазіргі кезде өте актуалды тақырып деп ойлаймын», – дейді танымал актер Әділ Ахметов.

«Төменнен жоғары қарай көтерілуі керек. Кейде потолоктан бастап алып, төмен түсе алмай, не жоғары шыға алмай жататын кездері болады. Бұл жақсы трамплин болар алға қарай», – дейді Халық әртісі Асанәлі Әшімов.

Жіберіп алмаңыз:

Астанадағы Димаштың концертінде төбелес болды

Қайрат Нұртастың жары отбасылық суреттерін жария етті (фото)

Димаш Франция телеарнасынан шақырту алды

Сейфуллин Жолбарыс: Жарым орыс болғанымен, қарапайым ауылдың қызы

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
12.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар