Димаш Франция телеарнасынан шақырту алды

Сәрсенбі, 26 Сәуір , 2017 11:40

Астанада бүгін Қытайдағы «I am a singer» атты танымал телевизиялық байқауда сәтті өнер көрсетіп, айдай әлемді аузына қаратқан Димаш Құдайбергенге марапат көрсету кеші өтті.

1493178154_article_b

Журналистерге сұхбат берген әншінің әкесі Қанат Айтбаев Димаштың салтанатты жеңісімен барша жұртты құттықтады, деп жазады Егемен Қазақстан.

“Өнер адамын өсіретін, қанаттандыратын халық ықыласы. Тақымын қысып, өз баласындай көріп, үлкен тілеулестік білдіріп отырған елімізіге халқымызға алғыс айтамыз. Димаштың көңіл-күйі өте жақсы”, – деген ол, жұрт арасындағы Димаштың таланты мен бағы шетел асқан соң жанды деп айтылып жүрген кей пікірмен келіспейтіндігін айтып қалды.

“Димаштың Қазақстандағы тыңдармандары бұрыннан көп болды, Қытайдағы байқаудан кейін тіпті арта түсті”, – дейді Қанат Айтбаев.

«Hunan TV» арнасымен шартқа байланысты қазіргі күні ешқандай баспасөз бетіне сұхбат бере алмайтындығын жеткізген әншінің продюссері Алпамыс Шәрімов Димаштың алдағы жоспарлары туралы айтып берді.

“Франциядағы танымал телеарнаның шақыртуымен концерттік бағдарламада LP сияқты танымал тұлғаларымен бірге өнер көрсетеді. Бағдарлама мамыр айында эфирден көрсетілуі тиіс, бүгінде түсірілім жұмыстары толық аяқталды. Шарт мерзімі аяқтала салысымен Димаш қазақстандық баспасөз құралдарына арнап мәслихат өткізеді”,– деді продюссер.

Тағы да оқыңыз:

Ұстаздары: Димаш мектеп кезінен Абайдың қара сөздерін жатқа айтатын

Димашқа астаналық жанкүйерлері ерекше құрмет көрсетті (фото, видео)

Мені Димаш Құдайберген еткен қазақ халқына мың алғыс (фото, видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
12.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар