Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Авраам Руссо Жігер Ауыпбаевқа дуэт айтуға ұсыныс жасады (видео)

“Меломен” тобынан кеткен Жігер Ауыпбаев жеке шығармашылығын шыңдауға білек сыбана кірісіп кетті. Ол денсаулығының сыр бергеніне қарамастан, жаңа әндер жаздырып, түрлі отандық жобаларға қатысып жүр.

аврааам жігер

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Жуырда Жігер отандық арнадағы ән жобасына қатысып, ресейлік әнші Авраам Руссоның “Далеко-далеко” әнін орындаған еді.

Әнді орындау барысынан видео жүктеген Жігер: “Авраам аға, сізбен дуэт айтсам бола ма?” – деп жазған болатын. 

Бір қызығы, Жігердің бұл жазбасына Авраам Руссо жауап берген.

“Бірге ән айту үшін сізден ұсыныс түсуі керек және ол үшін ең алдымен көмекшім Сергейге хабарласыңыз”, – деп жазған Авраам Руссо.

Сүйікті әншісінен мұндай ұсыныс түсетінін Жігердің өзі күтпесе керек-ті.

“Күтпеген жерден сүйікті әншімнен дәл осындай пікір аламын деп ойламадым. Өте қуаныштымын. Мен үшін сізбен бір саxнада ән айту арманымның бөлшегі. Өнеріңізді құрметтеймін”, – дейді Жігер.

Жіберіп алмаңыз:

Елбасының Димашты қабылдап батасын берген видеосы жарияланды (видео)

Евровидение жеңімпазы өзінен 8 жас кіші мұсылман жігітке тұрмысқа шықты

Димаштың Қытайда қалатыны рас па?

Қайрат Нұртастың жары отбасылық суреттерін жария етті (фото)

Талқылау